Мерекелер алдындағы күйзелісті қалай жеңуге болады және ибупрофен қашан көмектесе алады

Бұл қызық Стресс

Мерекеге дайындық көбінесе нағыз күйзеліс пен бас ауруына айналып жатады. Сыйлық таңдау, мәзірді жоспарлау және жақындармен кездесулерді ұйымдастыру көп күш пен уақытты талап етеді, ал ондай уақытты онсыз да қарбалас айда табу оңай емес. Артық әбігерге түспеу үшін барлық істі алдын ала жоспарлап, өзіңіздің хал-жағдайыңызға да көңіл бөлген маңызды.
Бұл мақалада мереке қарсаңында уақытты тиімді ұйымдастыруға көмектесетін қарапайым кеңестермен бөлісеміз. Сондай-ақ басыңыз ауыра бастаса, не істеуге болатынын айтып береміз.

1-кеңес

Алдын ала жоспарлаңыз

Жаңа жыл алдында ұзын-сонар кезек пен көлік кептелісіне тап болмас үшін мерекеге дайындықты ертерек бастаңыз. Уақытты дұрыс бөліп, бейберекеттіктің алдын алу үшін күнтізбені пайдаланыңыз: атқарылатын істердің тізімін жасап, басым міндеттерді анықтаңыз. Мысалы, сыйлық таңдау, үй жинау және кездесулерді ұйымдастыру сияқты жұмыстарды алдын ала жоспарлаңыз.

Қандай істерді онлайн жасауға болатынын (мысалы, азық-түлікке тапсырыс беру), ал қайсысы үшін өзіңіздің қатысуыңыз қажет екенін анықтап алыңыз.

Отбасы мүшелері мен достар арасында міндеттерді бөлісу де уақытты үнемдеудің тиімді тәсілі. Мысалы, біреу азық-түлік сатып алуға жауап берсе, басқалары тамақ дайындаумен немесе үйді безендірумен айналыса алады. Мұндай жағдайда дайындық процесі жеңілдеп қана қоймай, қызығырақ өтеді. Сонымен қатар жақындарыңызға маңызды жұмыстарды сеніп тапсыру арқылы оларға деген сеніміңізді көрсете аласыз.

Уақытты тиімді басқару үшін қосымшаларды, еске салғыштарды және жазбаларды пайдаланыңыз. Олар кестені бақылап, маңызды ешнәрсені ұмытпауға көмектеседі.

2-кеңес

Жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтаңыз

Жыл соңында міндеттер көбейеді, сондықтан жұмыс уақытыңызды саналы түрде ұйымдастыруға тырысыңыз. Әсіресе экран алдында көп уақыт өткізсеңіз, үзіліс жасап тұру маңызды. Әр сағат сайын 10–15 минутқа компьютерден алыстап, тынықтыратын істермен айналысыңыз. Бұл тек көру қабілетін сақтауға ғана емес, көздің шаршауынан туындайтын бас ауруының алдын алуға да көмектеседі.

Жұмыс кезінде әлеуметтік желілерге көп көңіл бөлмеуге тырысыңыз. Жаңалықтар лентасы, бейнероликтер мен достармен хат алмасу көп уақытты алып қоюы мүмкін. Соның салдарынан жұмысты кеш аяқтауға немесе бәрін асығыс орындауға тура келеді. Бұл шамадан тыс жүктеме, бас ауруы және шаршау сезімін тудыруы мүмкін.

Өзіңіз үшін нақты уақыт шектеулерін белгілеп, сол уақытта жұмыс міндеттеріне барынша назар аударуға тырысыңыз. Бұл кеш қалып қоймауға және артық уақыт жоғалтпауға көмектеседі.

3-кеңес

Дұрыс тамақтануды ұмытпаңыз

Белсенділік пен жақсы көңіл-күйді сақтау үшін ағзаға жеткілікті энергия қажет. Сондықтан толыққанды тамақтануды назардан тыс қалдырмаңыз. Тамақтану уақытын алдын ала жоспарлап, рационға дәнді дақылдарды, ақуызға бай тағамдарды, жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көбірек қосыңыз. Бұл мереке алдындағы кезеңде өнімділікті сақтауға көмектеседі.

Жұмыста немесе мерекелік сауда кезінде пайдалы тіскебасар ретінде жаңғақтар, йогурттар, жемістер немесе ақуыз батончиктері жарайды. Сонымен қатар күні бойы жеткілікті мөлшерде су ішуді ұмытпаңыз. Бұл шоғырлануды арттырып, шаршауды азайтудың қарапайым әрі тиімді жолы.

Үйде отбасыңызды дәмді кешкі аспен қуанта отырып, жаңа жылдық рецептілерді де сынап көруге болады. Кейін оларды мерекелік дастарқанға оңай дайындай аласыз.

4-кеңес

Белсенді болыңыз

Мереке алдындағы қарбалас пен күйзелістің өмір ырғағыңызды бұзбауына тұрақты физикалық белсенділік көмектеседі. Әдеттегі жаттығуларыңызға уақыт бөліңіз немесе жаңа спорт түрлерін байқап көріңіз. Мысалы, йога мен пилатес бұлшықеттерді нығайтып, икемділікті арттырып қана қоймай, күйзеліс деңгейін де айтарлықтай төмендетеді.

Серуендеу жаттығуларға тамаша қосымша бола алады немесе уақытыңыз тапшы болса, олардың орнын басады. Достарыңызды немесе отбасы мүшелерін шақырып, бірге саябаққа барыңыз. Бұл жұмыс пен үй шаруасынан кейін демалып, ойыңызды сергітуге көмектеседі. Сонымен қатар таза ауада жүру ұйқыны жақсартады, ал бұл өз кезегінде жақсы көңіл-күй мен сергектікті сақтауға ықпал етеді.

Әрекеттің басталуы

30–60 минут ішінде

Ұзақтығы

8 сағатқа дейін әрекет

Дәрілік формалар

Таблеткалар, капсулалар, суспензиялар

Дереккөздер

  1. Pavliv L., Voss B., Rock A. Pharmacokinetics, safety, and tolerability of a rapid infusion of iv ibuprofen in healthy adults // American Journal of Health-System Pharmacy. — 2011. — Т. 68. — №. 1. — P. 47–51.
  2. Rainsford K. D. Ibuprofen: pharmacology, efficacy and safety // Inflammopharmacology. — 2009. — Т. 17. — С. 275–342.
  3. Bushra R., Aslam N. An overview of clinical pharmacology of Ibuprofen // Oman medical journal. — 2010. — Т. 25. — №. 3. — P. 155.
  4. Rainsford K. D. Ibuprofen: pharmacology, therapeutics and side effects. — Springer Science & Business Media, 2013.
  5. Moore R. A. et al. Faster, higher, stronger? Evidence for formulation and efficacy for ibuprofen in acute pain // PAIN®. — 2014. — Т. 155. — №. 1. — P. 14–21.
  6. Irvine J., Afrose A., Islam N. Formulation and delivery strategies of ibuprofen: challenges and opportunities // Drug development and industrial pharmacy. — 2018. — Т. 44. — №. 2. — P. 173–183.