Кейде етеккір кезеңінде іштің түйілуі мен ауыруы соншалықты күшейіп, тіпті қозғалу қиынға соғады. Мұндай кезде бәрі қолайсыз болып көрініп, көңіл-күй түсіп, күні бойы төсекте жатқыңыз келуі мүмкін. Белсенді әрі өзіңізге сенімді болып қалу үшін жағымсыз сезімдермен күресудің жолдарын табу маңызды.
Маман ұсынуы мүмкін қарапайым әдістерді — жаттығулардан бастап дәрі-дәрмекке дейін — қарастырайық. Бұл кеңестер сыни күндердегі ауырсынуды азайтуға көмектесуге арналған.
Ауырсынуды жеңілдететін әдістерді қолданып көру
Күйзеліс ауырсынуды күшейтуі мүмкін. Оны азайтуға тыныш ортадағы медитация мен терең тыныс алу сияқты босаңсыту тәжірибелері көмектеседі. Сондай-ақ жұмсақ созылу жаттығулары мен асаналардан тұратын жеңіл йогамен айналысып көруге болады. Йога бұлшықеттерді босаңсытып, іш аймағындағы кернеуді азайтады, нәтижесінде ауырсыну бәсеңдеп, жалпы жағдай жақсарады [1].
Таза ауада серуендеу де көңіл-күйді көтеріп, қан айналымын жақсартуға көмектеседі, бұл ауырсынумен күресуге оң әсер етуі мүмкін. Менструация кезеңінде 20 минуттық серуеннің өзі жаттығуға жақсы балама болып, өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі [2].
Физикалық белсенділік тек жалпы хал-жағдайды жақсартып қана қоймай, эмоционалдық денсаулықты сақтауға да көмектеседі [3].
Тамақтану мен сұйықтық тұтынуын бақылау
Жеңіл тағамдарды таңдаңыз: жаңа піскен көкөніс пен жеміс салаттары, дәнді дақылдар, майсыз ет немесе балық. Бұл өнімдер асқазанда ауырлық сезімін тудырмайды және ас қорытуды жақсартады. Сонымен қатар В6 дәрумені, магний және кальций сияқты дәрумендер мен минералдар бұлшықеттердің кернеуін азайтып, түйілулер мен ауырсынуды жеңілдетуге көмектеседі [4].
Су ішу де маңызды, себебі ол зат алмасуды жақсартып, іштің кебуінің алдын алады. Ал іштің кебуі де ауырсыну тудыруы мүмкін. Күніне кемінде 1,5–2 литр сұйықтық ішуге тырысыңыз. Рационға шөп шайлары мен қантсыз табиғи шырындарды қосуға болады [5].
Дұрыс тамақтану және жеткілікті мөлшерде су ішу ас қорытуды жақсартып қана қоймай, менструация кезіндегі ауырсынуды азайтуға да көмектеседі.
Øзіңізге уақыт бөліңіз
Мүмкіндік болса, жұмыс пен тұрмыстық істерге шамадан тыс беріліп кетпеген жөн. Біраз уақытқа күнделікті міндеттерден алшақтап, демалуға рұқсат беріңіз, өйткені өзіңізді жайлы сезінген кезде істермен айналысу әлдеқайда оңай болады. Тіпті жұмыста да шай ішуге немесе қысқа серуендеуге үзіліс жасауға тырысыңыз.
Ал егер бос уақытыңыз болса, оны бірден үй жинауға, тамақ дайындауға немесе басқа шаруаларға жұмсамаңыз. Менструация кезінде әйел ағзасына тынығу қажет. Сүйікті сериалыңызды көріңіз немесе ұзағырақ ұйықтаңыз. Бұл эмоционалдық жағдайға жақсы әсер етіп, ауырсыну мен жайсыздықты жеңілдетуге көмектеседі [6].
Ұйқының сапасы менструалдық цикл фазаларына байланысты өзгеруі мүмкін және етеккір кезінде төмендеуі ықтимал. Сондықтан жеткілікті демалып, ұйқы режимін сақтауға көңіл бөлген жөн [7].
Ауырсынуды басатын дәрі қабылдау
Егер етеккір алдындағы немесе етеккір кезіндегі ауырсыну тыныштық бермесе, оған төзу міндетті емес екенін есте сақтаңыз. Симптомдарды жеңілдететін құралдарды тағайындау үшін маманға жүгіну қажет. Жиі ұсынылатын препараттардың бірі – ибупрофен.
Ибупрофен – стероидты емес қабынуға қарсы препарат (ҚҚСП). Ол жатыр бұлшықеттерінің түйілуі мен ауырсынуын туындататын простагландиндердің түзілуіне жауап беретін ферменттердің белсенділігін тежейді [9].
Құрамында ибупрофен бар препараттарды маман етеккір кезіндегі ауырсынуды, бас ауруын, сондай-ақ бұлшықет пен буын ауруларын азайту үшін ұсынуы мүмкін. Сонымен қатар олар суық тиген кездегі дене қызуын төмендетуге де көмектеседі [10].
Ибупрофен қабылдағаннан кейін шамамен бір сағат ішінде әсер ете бастайды, бұл симптомдарды жылдам жеңілдету үшін маңызды [11].
Сонымен қатар құрамында ибупрофен бар дәрілік заттар әртүрлі түрде шығарылады, көбінесе таблетка және капсула түрінде [12]. Оларды сөмкеге салып алып жүруге, жұмысқа немесе сапарға өзіңізбен бірге алуға, сондай-ақ үйдегі дәрі қобдишасында сақтауға ыңғайлы.
Әрекеттің басталуы
Бір сағатқа жуық
Ұзақтығы
6-8 сағатқа дейін
Пішіндер
Таблеткалар, капсулалар
Дереккөздер
- Yonglitthipagon P. et al. Effect of yoga on the menstrual pain, physical fitness, and quality of life of young women with primary dysmenorrhea // Journal of bodywork and movement therapies. — 2017. — Т. 21. — №. 4. — P. 840846.
- Kannan P. et al. Menstrual pain and quality of life in women with primary dysmenorrhea: Rationale, design, and interventions of a randomized controlled trial of effects of a treadmill-based exercise intervention // Contemporary clinical trials. — 2015. — Т. 42. — P. 81–89.
- Dilshod D. Z. Fitness practice: the physical and psychoemotional state // Proximus Journal of Sports Science and Physical Education. — 2024. — Т. 1. — №. 1. — P. 21–27.
- De Souza M. C. et al. A synergistic effect of a daily supplement for 1 month of 200 mg magnesium plus 50 mg vitamin B6 for the relief of anxiety-related premenstrual symptoms: a randomized, double-blind, crossover study // Journal of women’s health & gender-based medicine. — 2000. — Т. 9. — №. 2. — P. 131–139.
- Tan B. et al. Hypohydration but not menstrual phase influences pain perception in healthy women // Journal of Applied Physiology. — 2022. — Т. 132. — №. 3. — P. 611–621.
- Women’s Health Connecticut. Practicing Self-Care to Feel Your Best During Your Period. — Электронный ресурс.
- Romans S. E. et al. Sleep quality and the menstrual cycle // Sleep medicine. — 2015. — Т. 16. — №. 4. — P. 489–495.
- Pulkkinen M. O., Csapo A. I. The effect of ibuprofen on the intrauterine pressure and menstrual pain of dysmenorrheic patients // Prostaglandins. — 1978. — Т. 15. — №. 6. — P. 1055–1062.
- Dawood M. Y., Khan-Dawood F. S. Clinical efficacy and differential inhibition of menstrual fluid prostaglandin F2α in a randomized, double-blind, crossover treatment with placebo, acetaminophen, and ibuprofen in primary dysmenorrhea // American journal of obstetrics and gynecology. — 2007. — Т. 196. — №. 1. — P. 35.e1-35.e5.
- Pavliv L., Voss B., Rock A. Pharmacokinetics, safety, and tolerability of a rapid infusion of iv ibuprofen in healthy adults // American Journal of Health-System Pharmacy. — 2011. — Т. 68. — №. 1. — P. 47–51.
- Rainsford K. D. Ibuprofen: pharmacology, efficacy and safety // Inflammopharmacology. — 2009. — Т. 17. — P. 275–342.